KAUA
CACU
НЦУ
EAU
IV ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

УРОЛОГТАРЫНЫҢ КОНГРЕСІ

16-17 қазан 2025

Сәлемдеме сөз
Құрметті әріптестер!

IV Орталық Азия урологтары конгресі CACU 2025– урология саласына қызығушылық танытатын мамандар үшін ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Сіздерді 16-17 қазанда Алматы қаласында өтетін осы
ғылыми алаңда дүниежүзілік деңгейдегі сарапшылармен жемісті диалогқа қосылуға шақырамын.

CACU 2025 Конгресінде онкоурология, консервативті және оперативті урология, андрология, балалар урологиясы, несептас ауруы және репродуктивті бұзылыстарды емдеу секілді өзекті мәселелерді
қамтитын қанық бағдарлама ұсынылады. Урологиялық практикадағы инновациялық әдістер, эндоурология және нейроурологиядағы заманауи технологиялар егжей-тегжейлі қарастырылады. Қатысушыларды
дәрістер, симпозиумдар, шеберлік сабақтары және клиникалық талқылаулар сияқты түрлі білім беру форматтары күтеді.Конгресс ғылыми-зерттеу, клиникалық және ағартушылық жұмыстардың соңғы
нәтижелерін біріктіруге, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлерге тәжірибе және пікір алмасуға, әрі қарайғы қызметтің мүмкіндіктері мен келешегін талқылауға мүмкіндік беруге арналған. Сіздерді бұл маңызды шараға қатысып, өз үлестеріңізді қосуға шақырамын.

Қосылыңыздар!
Аманов Ануар Тұрсынжанұлы
Тұрсынжанұлы Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы АҚ басқарма төрағасы, CACU президенті, Қазақурологтар жәнеандрологтар қауымдастығының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы
Құрметті достар,

Биылғы Орталық Азия урологтарының конгресі CACU 2025 ерекше болатыны сөзсіз. Бұл пандемиядан кейінгі бірінші конгресс қана емес, ғылымның саясаттан тыс екенін, сонымен қатар хирургтарды, терапевттерді және жай ғана достарды біріктіретінін дәлелдейтін оқиға болмақ. Биылғы бағдарламаның аясында халықаралық кездесулердің, әсіресе Еуропалық (EAU), сондай-ақ Америка мен Азия кездесулерінің ең жаңа ғылыми және хирургиялық урологиялық нәтижелері қорытындыланады. Заманауи дәрістер, пікірталастар және бейнесеанстардан басқа, біз Орталық Азия бойынша деректер базасын құруға мүмкіндік беретін, демек, көпұлтты орталықазиялық зерттеулер мен әзірлемелерге жол ашатын жаңа академиялық бағдарламалар мен платформаларға қатысамыз. Орталық Азия кездесуі Азия мен Батыс Еуропа және Таяу Шығыс арасындағы көпірге айналады.

Біз сіздермен Алматыда кездесуді асыға күтеміз және ғылыми конгрестен бөлек, бұл керемет әлеуметтік бағдарламаның да ұнайтынына сенеміз.
Боб Джаван
CACU теңтөрағасы, Вена және Нью-Йорк университеттерінің урология профессоры, Рудольфинерхаус қоры госпиталінің урология бөлімінің меңгерушісі, Еуропа ғылым Академиясының Атқарушы Кеңесінің мүшесі, профессор
Конгресс туралы
Конгресс аясындағы 3 формат
  • 1 формат

    Дәрістер мен баяндамалар

  • 2 формат

    Клиникалық бақылауларды талдау

  • 3 формат

    EAU мектебі

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ МАМАНДАНУЫ
  • Урологтар
  • Андрологтар
  • Онкологтар
  • Онкоурологтар
  • Хирургтер
  • Репрудоктологтар
  • Нефрологтар
  • Акушер-гинекологтар
НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАМАЛАР
  • Урологиялық тәжірибенің іргелі ғылыми аспектілері
  • Урологиялық ауруларды диагностикалаудағы стандартты және жаңартпашыл тәсілдер
  • Заманауи урологияның негізгі даму жолдары
  • Онкоурологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудегі жаңартпалар
  • Несеп-тас ауруы
  • Эндурологиядағы заманауи технологиялар
  • Телемедицина және урология
  • Балалар урологиясы
  • Урологиядағы реконструктивті-пластикалық хрургиядағы жаңартпалар
  • Урологиядағы және онкоурологиядағы дәрімен емдеу
  • Нейроурология
  • Андрология, ер азамат денсаулығы.
  • Жекелендірілген ҚРТ тәсілдері: не жаңалық?
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
  • Әнуар Тұрсұнжанұлы Аманов

    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ Басқарма төрағасы, CACU президенті, Қазақстандық урологтар мен андрологтар қауымдастығының (KAUA) төрағасы, м. ғ. д.
  • Боб Джаван
    ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ
    CACU тең төрағасы, Вена және Нью-Йорк университеттерінің урология профессоры, Рудольфинерхаус қоры госпиталінің урология бөлімінің меңгерушісі, Еуропа ғылым Академиясының Атқарушы Кеңесінің мүшесі, профессор.
  • Құсымжанов Сүният Мырзекенұлы
    ҒЫЛЫМИ ҮЙЛЕСТІРУШІ
    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ реконструктивті-пластикалық урология бөлімі меңгерушісі, жоғары біліктілік санатты уролог-дәрігер, м.ғ.д., профессор, EAU, SIU, РУҚ мүшесі.
  • Хахазов Якуб Закирович
    КОНГРЕСС ҮЙЛЕСТІРУШІСІ
    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ Басқарма төрағасының стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары, уролог-андролог дәрігер, EAU мүшесі.
  • Локшин Вячеслав Натанович

    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ

    Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті, Халықаралық репродуктология академиясының ректоры, Халықаралық фармацевтикалық өндірушілер қауымдастығының президенті, “PERSONA” халықаралық репродуктология клиникалық орталығының директоры, ҚР ҰҒА академигі, М. ғ. д., профессор.
  • Қайдарова Дяляра Радиковна
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ
    С.Д. Асфендияров атынд. Қазақ ұлттық медицина университетінің бірінші проректоры, м. ғ. д., профессор, ҚР ҰҒА академигі.
  • Жантелиева Ләззат Асанқызы
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ
    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ Басқарма төрағасының ғылым және дипломнан кейінгі білім жөніндегі орынбасары, жоғары санатты уролог-дәрігер, м.ғ.д.
  • Малих Мохаммад Ареф
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ
    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ НТА және эндоурология бөлімінің меңгерушісі, жоғары біліктілік санатты уролог-дәрігер, профессор, м.ғ. д., EAU, РУҚ мүшесі.
  • Мақажанов Марат Абзалұлы
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ
    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ андрология бөлімінің меңгерушісі, жоғары біліктілік санатты уролог-дәрігер, профессор, м.ғ. д., РУҚ мүшесі.
  • Әбішев Бақыт Хамитұлы
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ
    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ сәулелік диагностика бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.д., профессор.
  • Қожамжаров Алижан Советжанұлы
    ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МҮШЕСІ
    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ Басқарма төрағасының клиникалық қызмет жөніндегі орынбасары, дәрігер-уролог-андролог.
  • Зикирия Ернұр Абайұлы
    КОНГРЕСС ХАТШЫСЫ
    “Академик Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығы” АҚ Басқармасының уролития және эндоурология бөлімшесінің дәрігері.
  • Боб Джаван

    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

    CACU тең төрағасы, Вена және Нью-Йорк университеттерінің урология профессоры, Рудольфинерхаус қоры госпиталінің урология бөлімінің меңгерушісі, Еуропа ғылым Академиясының Атқарушы Кеңесінің мүшесі, профессор.
  • Арнульф Штенцль
    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Урология профессоры, Еуропалық урологтар қауымдастығының бас хатшысы, Еуропалық онкологиялық ұйымның басқарма мүшесі, Тюбинген университетінің медицина мектебінің урология кафедрасының директоры.
  • Гайбуллаев Асылбек Асадович
    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Ташкент дәрігерлерді жетілдіру институтының (ТашДЖИ) урология және нефрология кафедрасының меңгерушісі, МҚКБДО хирургиялық факультетінің проблемалық кеңесінің төрағасы, Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, Өзбекстан урологтар қауымдастығы төрағасының орынбасары, Қазақстан урологтар қауымдастығының құрметті профессоры, Ташкент қ. Денсаулық сақтау министрлігінің бас урологы, уролог-дәрігер, м.ғ. д., профессор.
  • Газимиев Магомед Алхазурович
    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    РУҚ атқарушы директоры, Биомедицина ғылыми-технологиялық паркінің директоры, Ресей Денсаулық сақтау министрлігі И.М. Сеченов атындағы бірінші МММУ-дегі ФМБЖ БМ урология және адамның репродуктивті денсаулығы институты директорының орынбасары, м. ғ. д., профессор.
  • Хакимходжаев Зуфар Шавкатович
    ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
    Еуропалық урологтар қауымдастығының мүшесі, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Мырзалардын ден соолугу» қоғамының төрағасы (“Ерлер денсаулығы”), м.ғ. к., доцент.
Серіктестер
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР
  • KAUA
    Қазақ урологтар мен андрологтар қауымдастығы
  • CACU
    Орталық Азия урологтарының конгресі
  • НЦУ
    Б.О. Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы
  • EAU
    Еуропалық урологтар қауымдастығы

ӨТЕТІН ОРНЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Алматы қ., Шевченко көшесі, 28